Languages

Қарағанды қаласы, Бытовая көшесі 20  +7 (7212) 44-09-02 

5 маусымнан бастап қала маңындағы маршруттарда жолаушыларды отырғызу мен түсірудің жаңа тәртібін енгіземіз

№ 3 Автопарк қала маңындағы маршруттардың автобустарында жолаушыларды отырғызу мен түсірудің жаңа тәртібін енгізеді. Кіру алдыңғы есік арқылы, шығу артқы есік арқылы жүзеге асырылады. Бұл жаңалық 2023 жылдың 5 маусымынан бастап күшіне енеді. Жүргізушіге қолма-қол ақшамен, ONAY картасымен, QR-кодпен және басқа да тәсілдермен төлеу автобусқа кірген кезде жүргізіледі. Бұл мәжбүрлі шара . Ол жолаушылардың билетсіз жол жүру жағдайларының жиілеуіне байланысты енгізіледі. Өкінішке орай, "қояндар" қалғандарына қарағанда қала маңындағы автобустарға жиі кездеседі.Осыған байланысты жолаушылардың жаңашылдыққа түсіністікпен қарауын өтінеміз. Жолаушыларды отырғызу мен түсірудің жаңа тәртібі келесі бағыттарда енгізіледі:

  • №107"Қарағанды-Теміртау";
  • №121"Қарағанды-Шахтинск";
  • №122 "Қарағанды-Топар";
  • №127 "Қарағанды-Шахан";
  • №146"Қарағанды-Абай";
  • №165 "Қарағанды-Саран".