№3 @avtobusnyipark3 автопаркінің Instagram парақшасына ONAY әлеуметтік карталары бар жолаушылардан бақылаушылар оларды №107, №121, №122, №127, №146, №165, №117, №115, №141, №500А, №71 және №72 маршруттық автобустарда жол ақысын төлеуге мәжбүр ететіндігі жайлы шағымдар түседі!
Біз бұл талаптардың заңды екенін хабарлаймыз. Өйткені ONAY әлеуметтік карталарының әрекеті, ол тек қалаішілік маршруттарға жарамды. Олар қала маңындағы маршруттарда жұмыс істемейді. Осыған байланысты ONAY әлеуметтік карталары бар жоғарыда аталған қала маңындағы маршруттар автобустарының жолаушылары жол ақысын кез-келген ыңғайлы тәсілмен төлеу керек. Егер сіз ONAY картасын электронды жол ақысын төлеу терминалына жақындатып,беттестірсеңіз, ол автоматты түрде 80 теңгені есептен шығарады. Осыған байланысты олардың балансын уақтылы толтыру қажет. Егер ақша ONAY әлеуметтік картасының балансында ақша болмаса, жол ақысын жүргізушіге қолма-қол ақша арқылы төлеу керек. Төлем маршрутқа байланысты бекітілген дифференциалды тариф бойынша жүзеге асырылады. №107 Қарағанды-Теміртау-150 теңге; №146 Қарағанды – Абай-170 теңге; №127 Қарағанды-Шахан-175 теңге; №122 Қарағанды-Топар-180 теңге; №121 Қарағанды – Шахтинск-190 теңге; №165 Қарағанды-Саран-95 теңге; №117, №115, №141, №500А, №71 және №72 - 150 теңге.